Инвестиции
в вечные ценности ...

ПОИСК   

Главная » Қазіргі уақыттағы Алтыналмас

Қазіргі уақыттағы Алтыналмас


Қазіргі уақыттағы «Алтыналмас АК» АҚ Қазақстан Республикасында әйгілі алтын өндірушілердің бірі болып табылады.

Қазіргі уақытта Компанияда 1 400 адам жұмыс істейді. Компания жоғары білікті инженерлік-техникалық қызметкерлер штатын және замануи техникалық жабдықталуын иемденеді. Өзінің өндірістік қызметінде Компания қоршаған ортаны қорғау және әлеуметтік жауапкершілік мәселелеріне ерекше мән бөледі. Компанияның ұзақ мерзімді стратегиясы жаңа технологияларды енгізу және өз қызметкерлерінің біліктігін үзілісізсіз жоғарлату арқылы бәсекелестік қабілетін жоғарлату болып табылады.

 

Компания қызметінің негізгі бағыттары төменде көрсетілгендер болып табылады:

 

·         асыл металдар өндірісі;

·         асыл металдарды және басқа пайдалы қазбаларды өндіру, оларды өңдеу;

·         кен емес материалдарды өндіру;

·         геологиялық-барлау жұмыстар;

·         жобалық және құрылыс-монтаждық жұмыстар;

·         ғылыми-зерттеу, жобалық және зерттеу жұмыстарды қаржыландыру;

·    қоғамның және тартылған инвестициялардың қаражаты есебінен асыл металдарды барлау, өндіру және өңдеу бойынша өндірістер құрылысы және қайта құруы;

 

Компанияның негізгі жетістігі Жамбыл облысы Ақбақай ауданындағы алтынды кен кен орныларының және Қарағанды облысы Ақтоғай ауданындағы Пустынное кен орнының қорлар негізінде халықаралық дәрежедегі замануи жоғары технологиялық тау-кен өндіруші және өңдеуші өндірістерді құру.

Компания 2011 жылы жылына 200 мың тоннадан 1 миллион тоннаға дейін өндірістік қуатын арттырумен Ақбақай алтын шығару фабрикасының және ілеспе инфрақұрылымның қайта құруын және жаңартуын аяқтады. Осы жоба Қазақстанның индустрияландыру Картасына енгізілген.   

Жобаның шикізат базасын Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданында орналасқан 6 кен орнылары құрайды. Жобаға инвестициялардың жалпы мөлшері алдағы бес жылда 150 миллион АҚШ долларынан асады.

2014 жылдың 25 желтоқсанында Компания Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданында бір аттас кен орнында екінші жобаның («Пустынное» жобасы) іске қосылуын жүзеге асырды. Жобаның өңдеу қуаты жылына алтынды кеннің 2 миллион тоннасын құрайды. Кен орынды өндіру карьерлік әдіс арқылы жүзеге асырылады. Жоба әйгілі әлемдік өндірушілерден тау-кен және технологиялық жабдықпен жабдықталған. Инвестициялар 140 миллион АҚШ долларын құрады. Жоба индустрияландыру Картасына енгізілген.



Динамика цен на металы








Новости


Читать все