Инвестиции
в вечные ценности ...

ПОИСК   

Главная » Компания тарихы

Компания тарихы


«Алтыналмас АК» АҚ Қазақстан Республикасында жетекші алтынды өндірушілердің бірі болып табылады және бай даму және қалыптасу тарихын иемденеді. 1991 жылы Қазақстан тәуелсіз ел болғаннан кейін, Республика Басшылығы өз алтын қорын құру және алтынды шикізатты өңдеу үшін қуатты дамыту тапсырмасын берді. Өңдеу үшін түсті металлургия өнеркәсіптерінің босатылып тұрған қуатын қолдануға қарастырылған, осымен бірге аффинаж қайта бөлуді жасау қажет болды. Осы тапсырманы орындау үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Казалмаззолото» Қазақ мемлекеттік консорциуымы құрылған. Ең қысқа мерзімде Ресейдің аффинаж өндірісіндегі қазақстандық шикізат өңдеуден кейін барлық асыл металдар Қазақстан Республикасына орала бастады. 1992 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сақтау қоймасына (ҚР Мемлекеттік сақтау қоймасы) 10 тоннадан аса көлемінде алтын берілуі қамтамасыз етілді.

 

«Казалмаззолото» консорциумы елдің алтын қорын құру бойынша тапсырманы орындады және

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Алтыналмас» Ұлттық акционерлік компаниясы туралы» Жарлығымен «Каззолото» Республикалық өндірістік бірлестіктің және «Каззолото» Консорциумның өнеркәсіптері және ұйымдары негізінде, олардың құқықтық мұрагері болған «Алтыналмас» Ұлттық акционерлік компаниясы құрылды. Осы күн «Алтыналмас» Компаниясының туған күні болып саналады. Бір мезгілде ол асыл металдар, асыл тастар және олардан бұйымдарды өндіру, өңдеу және өндірісі мәселелері бойынша мемлекеттің өкілі мәртебесін иемденді. Алтын өндіруін дамыту бойынша жұмысты жалғастырып, Компания 1993 жылы ҚР Мемлекеттік қоймасына 13,7 тонна көлемінде тазартылған алтын берілуін қамтамасыз етті, соның ішінде оның құрамына кірген алтын өндіру саласының кәсіпорындарымен 8,54 тонна. 1994 жылы

Компания осы көрсеткіш бойынша 14,6 тонна ең жоғары деңгейіне дейін жетті.

 

1995 жылы Қазақстан Республикасының Үкіметі алтын өндіру саласының демонополизация процесін бастады және Компания құрамынан мемлекеттік кәсіпорындар қайтарылған. Сол жылы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 17 мамырдың № 704 Қаулысымен «Алтыналмас» Ұлттық АҚ Басқарушы компания мәртебесін қабылдап, «Алтыналмас АК» Акционерлік компаниясы болып, қайта аталған. Алтын өндірісі мемлекеттік реттеу функциялары Қазақстан Республикасының өнеркәсіп және сауда Министрлігіне берілген. 1997 жылдың ақпан айында «Алтыналмас АК» АҚ жекешелендірілді және жеке меншік нысанымен акционерлік қоғам болды.



Динамика цен на металы








Новости


Читать все