Инвестиции
в вечные ценности ...

ПОИСК   

Главная » Жаңалықтар » АТ саласындағы әйел адамдар: Жанар Аманжолова

АТ саласындағы әйел адамдар: Жанар Аманжолова


«Алтыналмас АК» АҚ-ның Даму және инновациялар департаментінің басшысы, «Цифрлық кеніш» жобасының үйлестірушісі Жанар Аманжолованың «АТ саласындағы әйел адамдар» жобасы щеңберінде Profit.kz порталына берген сұхбатында – басқарудың әйелге тән моделінің «үйлесімді» күші және компетенциялардың мансапта түйінді рөлді атқаратыны туралы.  

 

- Жанар, ИТ, телеком және ИТ торабында туындаған салалар – бұл тек қана ер адамдар өзін еркін сезінетін меншік жері болып қалыптасқан. Дегенмен, әйелдер қауымының кейбір өкілдері осы ортада тіршілік етіп қана қоймай, табысқа жетіп отыр. Сіздің қандай да бір ерекше құпияларыңыз бар ма?

 

 

-       Мен ешбір ерекше құпияларды білмеймін, алайда, егер де үңіліп қарайтын болсақ, бұл жерде алдын ала анықтайтын сәттерді табуға болады. Себебі, мамандығымды мектепте қол жеткізген табыстардың негізінде таңдаған болатынмын – ол кезде менің математика, нақты ғылымдарға бейімділігім анық байқалды. Сол себептен, таңдауым инженерлік салаға, оған қоса, ең озық ақпараттық технологияларға түсті. Айтпақшы, «Жүйелерді бағдарламалық жасақтау» мамандығы бойынша «Информатика және есептеуіш техника» факультетін бітірген біздің студенттер ҚазҰТУ-нде саны бойынша үшінші және өте мықты студенттер болды – оқу озаттар, медаль иегерлері. Шышында, финалға барлығы жетпеді – тек 50% ғана. Келесі жылдары пәнге толығырақ көзқарасты қалыптастыру үшін, өзімнің негізгі жұмысыммен қатар бизнес-бағыттар бойынша қосымша білім алдым.

 

Бірге бітірген студенттердің көбі шет елге кетіп қалды, ал мен болсам, өзімді сол жерде елестете алмадым, сондықтан таңдаудың қажеті болмады - тек қана Қазақстан, осымен бітті. Өз мансабымды аспирантурада бастадым – технологиялық үрдістерді автоматтандырумен айналыстым, кейін басылымда жұмыс істей бастадым, осы кезде менің технологияларға берілгендігім байқалып, бизнес-үрдістерді құрудың қағидаларын түсіне бастадым. Кейін «ЛАНИТ» компаниясының Қазақстандағы өкілдігіне қосылып, ал сәл уақыт өткен соң, мен осы өкілдіктің басшысы болдым. «ЛАНИТ»-те біз өте қызықты жобаларды іске асырдық, салада бірінші болып банкілермен жұмыс істей бастадық, ал олар болса, сол кезде өз қызметінде АТ-құралдарын пайдалану бойынша ілгері басқан болатын. Оларға бизнес-үрдістерді басқару, жобаларды басқару, бюджеттендіру жүйелері және тағы сол сияқты шешімдер жатты. «ЛАНИТ»-те алған тәжірибем ауқымды болды – Ресейдегі және шет елдегі әріптестері сияқты тең дәрежеде құзыретті компаниялар мен мамандардың саны Қазақстанда аз еді. «ЛАНИТ»-те біз осы кемшін тұстарды толықтыруға тырыстық – желілік академияны, АТ-менеджерлер мен АТ-мамандарды түрлі бағыттар бойынша дайындайтын автор мақұлдаған оқу орталығын құрдық.

 

«ЛАНИТ»-те алған тәжірибе мен кәсіптік құзырет «Алтыналмас» компаниясында қажетке жарап, дамыды, әрі жүзеге асырылды, ал менің бірінші жобам Microsoft Dynamics Axapta деген ERP-жүйені енгізумен байланысты болды. Аталған жоба бес жылға ұласты және осы уақыт ішінде  маған алтын өндіруші компанияға және, жалпы алғанда, тау-кен-металлургиялық кешенге тән бизнес-үрдістердің толық циклін игеруге тура келді. Жобалық менеджердің маңызды постулаты - ол өз жобасының пән саласын, компанияның қызметімен байланысты барлық бизнес-үрдістерді жақсы білуге және түсінуге міндетті болып табылады, әйтпесе, сәтсіздік тәуекелі туындайды. Енгізудің нәтижелері бойынша мен ұзақ уақыт ойланып, әйел адамдардың жиі жағдайда ақпараттық технологияларды енгізу бойынша жобаларды жүзеге асыруда өте табысты бола алады деген тәуелсіз шешімге келдім. Одан басқа, оларды артық көреді – олар тиянақты, үрдісті сапалырақ жоспарлауға қабілетті, олар жоба бойынша кешенді тапсырмаларды қамтамасыз ете алатын топты жұмылдыра алады. Кемшіліктері – бұл өандай да бір қиын шешімдерге және байсалды қатаң есептеуге, ситуацияны ұтымды шешуге қатысты нәрсе – осы жерде ер адамдардың даусыз артықшылығы бар. Мен болсам, құрамында ең мықты мамандар бар, теңдестірілген топтың моделін/үлгісін құруға тырыстым: ер немесе әйел адам ба, маңызы болмады, бастысы – құзыреті мен жеке қасиеттері. Менің ойымша, іске асқан сияқты, себебі осы кезге дейін бастаған барлық жобаларымыз аяқталып, компанияның басшылығы мен акционерлерінің үміттеріне сәйкес келеді.

 

АТ саласында қалай тап болғаныма оралатын болсақ, осы тұста менің ата-аналарым үлкен ықпалын тигізді. Мысалы, менің қабілеттерім мен мүмкіндіктерімді есепке ала отырып, менің әкем осы саланы кәсіби дамудың қызықты жолы деп санайтын.

 

-     Жанар, дұрыс түсінсем, ERP жүйесін сәтті түрде енгізген соң, Сіз даму және инновациялар департаментін басқару, сондай-ақ «Цифрлық кеніш» жобасының үйлестірушісі болу туралы шешімді қабылдадыңыз ғой?

 

-        Бұл компанияның президенті Дияр Қанашевтің тарапынан келген ұсыныс еді. Ол «Цифрлық кеніш» жобасын жүзеге асыруды компанияның алдындағы стратегиялық мақсаттарының бірі етіп қойған еді. Иә, мен осы ұсынысты қабылдап, өзімнің бастамам және көрінісім бойынша топ және құрылым – берілген бағытта зерттеулерді жүргізумен және дамумен айналысатын департамент ұйымдастырылды. Ерекше көңіл алтын өндіруші компанияда сандық технологияларды игеруге, оларды енгізуге бөлінді. Сөйтіп, енді мен өзіміздің флагмандық/көшбасшылық «Цифрлық кеніш» жобамызға назарымды салдым. Бұл – «Цифрлық Қазақстан. Индустрия 4.0» Бағдарламасының міндеттерін жүзеге асыру шеңберінде Қазақстанның кен өндіру саласында цифрландыру тұсында келешекте бағдарлардың біріне айналуы мүмкін үлкен, әрі өте күрделі жоба.

 

-     Адамзаттың мықты өкілдері билейтін бизнесте табысқа жету үшін, әр адам өз бойында қандай қасиеттерді дамуы керек?

АТ саласында ер адамдардың басым екені рас. Неге солай қалыптасқан? Алдында айтқанымдай, оған ер адамдардың ақыл жаратылысы мен табиғи қабілеттері себепкер. Дегенмен, бұл жағдайдың өзгермей отырғанын білдірмейді, ол тек сондай жылдам қарқынмен орын алған жоқ – шынын айтқанда, қыздардың пәнге деген қызығушлығы біршама  жақын арада ғана қалыптаса бастады ғой.

Қасиеттер турасында. Жағдайды байсалды түрде бағалауды, өз сөзінде тұруды, жұмыс процестерінде эмоцияларға ең аз мөлшерде жол беруді үйрену керек. Алдымен, көріністі толығымен, тек кейін ғана оның майда-шүйдесін көре білген маңызды. Дамыған логика қажет – ол кез келген шешім қабылдау үрдістерінде байқалуы тиіс. Бас қасиеттердің арасында – жеке бас гармониясы, салмақтылық, ашықтық және адалдық. Егер бұл қасиеттер болмаса, жетекші ретінде Сіздің басыңызға шешімдерді қабылдау орталықтарына тарту ауырлығының, басқа адамдардың мүддесі үшін әрекет ету тәуекелі түсуі мүмкін.

Тағы бір маңызды дағды, мен ол туралы айтқан болатынмын – ол айналаңда адамдарды жұмылдырып, топ құрып, әр қызметкердің бабын тауып, оның мықты және әлсіз тұстарын көре тұра, байланысты құрған кезде, адаммен ашық және адал түрде сөйлесу.

Соңында, өз бағытыңа қатысы бар барлық оқиғалардан хабардар болған аса маңызды.

 

-     Демекші, трендтерден хабардар болу үшін Сіз қаншама уақыт жұмсайсыз?

-     Бұл тұрақты процесс, «мен осымен күніне нақты тек бір сағат бойы айналысамын» деп айта алмаймын, «әрдайым» десем, дұрыс болады. Менің назарым қалай болғанда да АТ-ға ауып тұрады – теледидар көрсем де, оқысам да, интернетті шарласам да. Бір нәрсе анық: мен уақытымды әлеуметтік желілерге жұмсамаймын – мен үшін бизнес-үрдістерді автоматтандыру саласындағы дүниежүзілік трендтер бойынша жаңа ақпарат алған, яғни апдейт жасаған қызығырақ. Басқаша айтқанда, мен осы әлемде өмір сүремін. Осындай тәсілдеме маған ұнайды.

 

-     Басқарушы әйел адам тиімдірек жұмыс істейді деген пікір бар. Сіз келісер ме едіңіз?

-     Әйел адамдар көбірек табысқа жетеді деп ойламаймын, әрине, уникумдар бар, алайда, ол пайыз өте аз және ер адамдардың жетекші ретінде жететін табыстарымен салыстыруға келмейді. Өзім, тіпті, әйел адамның энергиясы өте жұмсақ, шығармашыл, ниеттес және үйлесімді болады деп санаймын. Егер оны ер адамның энергиясымен салыстыратын болсақ, ол қуатты, ол басқа. Осыны біз, әйел адамдар, түсініп, ер адамдарға тән басқару амалдарын қолдануға тырыспасақ, барлығы тіпті жақсы шығады.

 

-     Енді, отбасы және мансап туралы сөйлесейікші. Осы екі мұхит бірге үйлесімді бола алады ма?

-     Ең алдымен, уақытымның көбірек бөлігінде өз балаларымды өз бетімен өсіріп, тәрбиелегенімнен бастайын, сол себептен осындай мәселер туындаған жоқ – менің балаларым, апаларым мен аталарым менің отбасым болып табылады. Бастысы – қалай үлгерсем екен (күліп айтты). Бірақ, менің жақсы мысалым бар – менің ата-анам. Анам отбасында да табысқа жетті, мансабын да құрды – оған қоса, ол үш баласын тәрбиеледі, ол – педагог, Қазақстанның еңбегі сіңген мұғалімі, ағарту ісінің озаты, тағы басқа. 70 жасына дейін ол педагогикалық қызметпен айналысып келді.

 

-     Сізді түңнің ортасында оятып, қандай жобаны мақтан тұтасыз деп сұрағанда, не деп жауап берер едіңіз?

-     Жобалардың бір бөлігін атап өттім – бұл банк саласындағы «ЛАНИТ»-тегі жобалар. «Алтыналмас»-қа келетін болсақ, осы жерде атап өткен ERP жүйесін енгізу жобасынан басқа, мен тиімділікті арттыру жобасын атап өтер едім, соңында, зейіннің өте жоғары деңгейін талап ететін, ауқымды «Цифрлық кеніш» жобасы. Егер мен оны ойдағыдай аяқтайтын болсам, одан күтіп отырған әсерін алатын болсам – бұл менің мансабымдағы үлкен және аса салмақты, елеулі кезең болады.

 

— Ал кейін не?

-     Сұрағыңыз жақсы екен, менің ойымша, «Сандық кеніш» жобасын аяқтаған соң, мен берілген салада тәуелсіз маман ретінде пайдалана алатын даусыз құзыретке қол жеткізер едім. Осындай құзырет – даналап сатылатын тауар, сондықтан олардың қажеттілігі алдын ала анықталар еді. Бәлкім, ТКМК-дағы осындай жобалардың жетекшілері үшін консультант және кеңесші қызметін атқара алатын да шығармын. Жалпы алғанда, осы салада өзім үшін қызықты мүмкіндіктерді көріп отырмын. Тағы бір арманым бар – кітап жазу. Көре жатармыз ...

 

— Соңғы сұрақ. АТ саласына барғысы келетін, бірақ алғашқы қадамды аттауға қорқатын қыздарға, әйел адамдарға қандай кеңес берер едіңіз?

Интуитивті деңгейде өздеріне құлақ түріңіз деген кеңесті берер едім: өз жүрегіңізді тыңдап, егер ол сізге бұл дұрыс жол – АТ саласына бар десе, қадамды жасаңыз! Өзіңіз міндеттер, мақсаттарды алдыңызға қойып, оларға жетудің жолдарын құра беріңіз, өз біліміңізді арттырыңыз, сонда барлығы қолыңыздан келеді.



Динамика цен на металы








Новости


Читать все