Инвестиции
в вечные ценности ...

ПОИСК   

Главная » Жаңалықтар » «АК Алтыналмас» АҚ Долинное алтын кенорнының жер қойнауын пайдаланушысы болып табылатын «Ақтоғай Мыс» ЖШС жарғылық капиталының 100 пайыздық үлесін сатып алу бойынша мәміле жасады.

«АК Алтыналмас» АҚ Долинное алтын кенорнының жер қойнауын пайдаланушысы болып табылатын «Ақтоғай Мыс» ЖШС жарғылық капиталының 100 пайыздық үлесін сатып алу бойынша мәміле жасады.


2018 жылғы2 мамырда «АК Алтыналмас» АҚ («Алтыналмас») Қарағанды облысы Ақтоғай ауданында жүзеге асырылатын «Пустынное» жобасының (бұдан әрі – «Пустынное жобасы») шикізат базасын кеңейту мақсатында Қарағанды облысы Ақтоғай ауданындағы Долинноеалтын кенорнының жер қойнауын пайдаланушысы болып табылатын  «Ақтоғай Мыс» ЖШС-ға (бұдан әрі – «Ақтоғай Мыс») 100% қатысу үлесін сатып алды.

Мәміле Алтыналмастың компаниялары: Ақтоғай Мыстың 50% үлесі тиесілі «Полиметалл» тобының компаниясы мен Ақтоғай Мыстың қалған 50% үлесі тиесілі Dolfinflip Co Limited («Dolfinflip») компаниясы арасында жасалды.

Долинное кен орны «Пустынное» жобасының алтын шығаратын фабрикасынан 16 км қашықтықта орналасқан және оның кені «Пустынное» жобасының алтын шығаратын фабрикасында өңдеуге жарамды.

 

Компания туралы анықтама:

 

«АК Алтыналмас» АҚ Қазақстанның екі облысында орналасқан алтын кені объектілерінде  жер қойнауын пайдаланады: жобаның кен орындары – Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында және «Пустынное» кен орны – Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында. Дайын өнім – «Доре» құймасындағы алтын одан әрі өңдеу үшін Астанадағы «Тау-Кен Алтын» ЖШС аффинаж зауытына жіберіледі.

 

Фото Kapital.kz сайтынан



Динамика цен на металы








Новости


Читать все