Инвестиции
в вечные ценности ...

ПОИСК   

Главная » Жаңалықтар » Тәуелсіз Директордың тағайындалуы туралы хабарлама

Тәуелсіз Директордың тағайындалуы туралы хабарлама


Біз 2018 жылдың 6 тамызынан бастап қызметіне кірісетін, жаңа Тәуелсіз Директор, доктор Скотт Д. Моррисонның тағайындалуы туралы қуана хабарлаймыз.

 

Доктор Моррисон Metalor Technologies International S.A, Tri-Star Resources PLC, Zinc Oxide LLC, Fengro Inc., ASA Resources Group PLC және SGS S.A қоса алғанда АҚШ, Канада, Ұлыбритания және Швейцарияда кен жұмыстары, алтын өндіру және металл өңдеуге маманданған ірі кәсіпорындардың бірқатарында Бірінші тұлға, Президент, Директорлар Кеңесінің Төрағасы, Басқарушы директор ретінде жоғары басшылық лауазымдарда қызмет еткен, 28 жылдан астам уақыт бойы стратегиялық бағдарда және қаржы менеджменті саласында ауқымды тәжірибе иеленген.

 

Доктор Скотт Д. Моррисон акцияның биржалық құнының құрылуы, технологиялық үрдіске инновацияларды енгізу және шығындарды қысқарту саласында практикалық жұмыс тәжірибесіне ие.

 

«Мен кеңесімізге Тәуелсіз Директор ретінде доктор Скотт Д. Моррисонның қосылғанына қуаныштымын. Доктор Моррисон инновациялық бизнес-шешімдерді саралау саласында ауқымды тәжірибеге және кәсіби қызметтегі жоғары жетістіктерге қол жеткізген. Біз акция ұстаушылары үшін тұрақты құнды құру және компаниямыздың ұзақ мерзімді өсу стратегиясын іске асыруға маңызды үлесін қосатынына сенiмдiмiз», деп хабарлады «АК Алтыналмас» АҚ Президенті Дияр Канашев.

 

Осымен «Алтыналмас АК» Акционерлік қоғамы (БСН 950640000810, Қазақстан Республикасы, Тараз қаласы, Қазыбек би көшесі, 111, 212-кеңсе) хабарлайды, Scott Douglas Morrison мырза (Скотт Дуглас Моррисон) 2018 жылдың 6 тамызында Қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысында Қоғамның Директорлар кеңесінің мүшесі ретінде - тәуелсіз директор болып сайланған, ол FENGRO INC., Vancouver, BC,Canada компанияның Директорлар кеңесінің Төрағасы болып табылады, Директорлар кеңесі Төрағасының өкілеттіктері мен міндеттерімен, сондай-ақ ZINC OXIDE LLC, Dickson, Tennessee компаниясының Директорлар кеңесінің мүшесі болып табылады, Директорлар кеңесі мүшесінің өкілеттіктері мен міндеттерімен.



Динамика цен на металы








Новости


21-01-2018, 00:00
Читать все