Инвестиции
в вечные ценности ...

ПОИСК   

Главная » Жаңалықтар » Ұлы геолог Дүбек Дүйсенбековтың туған күніне 90 жыл

Ұлы геолог Дүбек Дүйсенбековтың туған күніне 90 жыл


2018 жылғы 4 қыркүйек“Алтыналмас АК” АҚ компаниясы үшін және жалпы Қазақстан Республикасы үшін ерекше мәні бар күн. Бұл күні отанымызды алтын қорымен қамтамасыз еткен, ұлы геолог 90 жасқа келер еді.

 

Дүбек Дуйсенбеков 2014 жылғы 04 қыркүйекте Талдықорған облысының Каратал ауданы Тас-төбе ауылында дүниеге келген. Оның әкесі Дүйсенбек Абатайұлы болыстық басқарушы болған. Ол 1929 жылы ұсталып, репрессияға ұшырады да, 1931 жылы Алматы қаласының түрмесінде қаза болды. Анасы Қайырбике 1932 жылы аштан қайтыс болды. Ата-анасы дүниеден өткен соң Шұбар ауылының мектеп-интернатына түскенге дейін үлкен апайының қолында тәрбиеленді. 1948 жылы Алма-Атадағы Тау-кен металлургиялық институтқа (қазіргі Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ) түсіп, 1953 жылы бітірді. Сол жылы Желқазғандағы кеніш шахтасында геолог болып еңбек қызметін бастады. 1954 жылы денсаулығы сыр беріп (құлақ ауруы) шахтадан шығарылып, дала геологы болып жұмыс істей бастады. 1956 жылы бентонит плиталарының Андреев кен орнын ашты.

Дүбек Дүйсенбеков алғашқы маңызды табысынан кейін Республиканың геологиялық ғылымы мен мемлекет қазынасын бірқатар басқа, шын мәнінде заманалық ашылымдармен байытты, оның біреуі Іле Алатаудағы бериллий кен орны болды. Оның кен іздеуші дарыны Шу-Іле кен белдеуінде толық ашылды. Мұнда онымен ашылған алтын кен орындарының біртұтас шоқжұлдызы жарқырап шықты. Бетпақ-Далада жұмыс істеген 45 жыл ішінде ұлаң-ғайыр ауданды сантиметрлеп зерттей отырып, жүзден артық алтын кен орнын ашты, оның ішінде он кен орнын кеңес уақытында ашқан, қор есебі барланған соң, ірі деген мәртебеге ие болып, мемлекет қорында орналасқан.

Дүбек Дуйсенбеков 1969 жылы бүгінгі күнге дейін бірегей болып есептелетін Ақбақай кен орнын ашты. Содан кейін Бескемпір  (1972), Кенжем (1975), Думан-Шуақ (1978), Япурай (1979), Ақсақал (1981) кен орындары ашылды. Онымен ашылған алтын кен орындарының көбі Япурай, Мақпал, Қараторғай, Ләйлім, Қаракесек, Ақмаңдайлым, Қарғаш және т.б. сияқты казақ,классикалық  халық өлеңдерінің атауымен аталған.

Дүбек Дүйсенбеков кеңес уақытында “КСРО-ның еңбегі сіңген геологы” атағына екі мәрте және  “Социалистік Еңбек ері” атағына екі мәрте шығарылған. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алғаннан кейін екі мәрте  «Халық ҚаҺарманы» атағына шығарылған. Әттең, Отанын ауқымды, келешегі бар әрі әлеуетті алтын кен орындарымен қамтамасыз еткен қаһарманын марапат таппады. Өзі айтқандай: «Қазағыма алты ғасырға жететін алтын тауып бердім».

Онымен ашылған Ақбақай, Карьерный, Бескемпір және Ақсақал кен орындарының қоры негізінде Ақбақай ТКБК салынды, оның барлық өндірістік - өндіруші және өңдеуші қуаты бүгінгі таңда жаңартылған және уақыт талабына сәйкес келтірілген. Қайта өңдеудің соңғы өнімі - Дөре қорытпасындағы алтын, ол 15 жыл бойы зауытта “Дөре Дубек” атымен аталып шығарылып келген.

Қуатын елуден астам мәрте ұлғайта отырып, комбинатты қайта құру алғышарттары өңірдің алтын кен орындары объектілерінің орасан зор әлеуеті болды. Дүбек Дүйсенбеков қырық жылдан астам уақыт бұрын ашқан кенашылымдары мен минералданған нүктелер кен орындар разрядына аударылған және олардың қоры Алтыналмас Компаниясымен өңірдегі алтын өндіруді ұлғайтудың шикізаттық базасы ретінде қаралады.

Олардың ішіндегі ең маңыздысы, әрине Ақбақай, ол өз кезінде Одақ ауқымындағы таңқаларлық оқиға ретінде бағаланған және ағымдағы 2018 жылы ашылғанына 49 жыл толды. Осы кен орнының жер қойнауынан ресми өндіре бастаған күннен бері (1979 жыл) 30 тоннадан артық алтын өндірілді. 2002 жылы  Дүбек Дүйсенбековтың талабымен шығыс қапталы барланып, 8 тоннадан артық алтын қорының өсімі алынды. Кен орнының мүмкіндіктері мұнымен шектелмейді - қапталдар мен терең көкжиектердің келешегі бар.

Сондай-ақ, бұл тізімде қазіргі уақытта өңделіп жатқан Бескемпір кен орнын атап өткен жөн, Ақсақал кен орны - ашылу және дайындалу барысында. Карьерный кен орнында 2005 жылы жете барланған Жұмағалиев және басқа жазық кен аумақтарынан қорды ашық өндіру жалғасуда.

Өңірдің алтын кенін өсіруде Кенжем кен орны үлкен рөл атқарады, өз кезінде алтын кенашылымы болып бағаланған. Ал қазір - бұл 28 тоннадан астам алтын қоры бар объект.

Онымен ашылған кен орындары сауатты әрі мұқият барлауды талап етеді. Ақбақай кен орнының өзі небәрі 400 метр тереңдікте ғана барланған, ал алтын 5000 метрге дейінгі аса тереңдікте жатыр. Дүбек Дүйсенбеков ашқан іздеу және барлау әдісін зерттеп, жас қазақстандық геологтарды қаруландыру керек.

 

2012 жылғы 24 желтоқсан күні үлкен Адамның, Үлкен Еңбеккердің, Іздеуші-геолог отағасының, туған елін көптеген жылдарға кен және металл қорымен қамтамасыз еткен, дарынды дала зерттеушісінің үлкен жүрегі соғуын тоқтатты.

Дүйсенбеков Дүбек Дүйсенбекұлы тірі кезінде аңызға айналған адамдай біздің есімізде қалады.



Динамика цен на металы








Новости


Читать все