Инвестиции
в вечные ценности ...

ПОИСК   

Главная » Компания туралы

Компания туралы


 

«Алтыналмас АК» АҚ Қазақстан Республикасында атақты алтын шығарушылардың бірі болып табылады және Қазақстанның алтын кенді объектілерінде жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүзеге асырады. Ол – Жамбыл облысындағы Ақбақай өңірінің кен орнылары және Қарағанды облысындағы Пустынное кен орны.

 

Компания осы кен орныларын игеру үшін Компания жоғары білікті инженeрлік-техникалық қызметкерлер штатын және замануи техникалық жабдықталуды иемденеді. Өз жобаларын дамыту аудандарында «Алтыналмас АК» АҚ қоршаған табиғи ортаға, жұмыскерлер және халық өмірінің әлеуметтік дамуына және жақсаруына ерекше мән бөледі. Компанияның басшылығы өндірістік процесстерді оңтайландыру және тұрақты жетілдіру үшін  жаңа технологиялар және жаңартпашылық шешімдерді енгізуін  белсене қолдайды.

 

Компания қызметінің негізгі бағыттары:

·         асыл металдар өндірісі;

·         асыл металдарды және басқа пайдалы қазбаларды өндіру, оларды қайта өңдеу;

·         кенді емес материалдарды өндіру;

·         геологиялық барлау жұмыстары;

·         жобалық және құрылыс-монтаждық жұмыстар;

·         ғылыми-зерттеу, жобалық және зерттеушілік жұмыстар;

·     қоғам және тартылған инвестициялар есебінен асыл металдарды барлау, өндіру және өңдеу бойынша өндірістер құрылысы және қайта құруы;

 

Компанияның ақырғы өнімі Доре құймаларындағы алтын болып табылады, ол әрі қарай  тазартуға Астана қаласындағы «Тау-Кен Алтын» ЖШС-нің аффинаждық зауытына жіберіледі. Компания келесі екі жобалардың операторы болып табылады.

Бірінші жобаға («Ақбақай» жобасы) 100 миллион АҚШ долларын бөліп, Компания 2011 жылы жылына фабриканың өндірістік қуатын 200 мың тоннанадан 1 миллион тоннаға дейін бес есе арттырумен Ақбақай алтын шығару фабрикасының және ілеспе құрылымының қайта құруын және жаңартуын аяқтады. Осы жоба Қазақстанның индустрияландыру Картасына енгізілген. Жобаның шикізат базасын Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданында орналасқан 6 кен орнылары құрайды. Жобаға инвестициялардың жалпы мөлшері алдағы бес жылда 150 миллион АҚШ долларынан асады.

2014 жылдың 25 желтоқсанында Компания Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданында бір аттас кен орнында екінші жобаның («Пустынное» жобасы) іске қосылуын жүзеге асырды. Жобаның өңдеу қуаты жылына алтынды кеннің 2 миллион тоннасын құрайды. Кен орынды өндіру карьерлік әдіс арқылы жүзеге асырылады. Жоба әйгілі әлемдік өндірушілерден тау-кен және технологиялық жабдықпен жабдықталған. Инвестициялар 140 миллион АҚШ долларын құрады. Жоба индустрияландыру Картасына енгізілген.



Динамика цен на металы








Новости


21-01-2018, 00:00
Читать все