Инвестиции
в вечные ценности ...

ПОИСК   

Главная » Диспетчерленліру және персоналдың жер астында ораналасқан жерін анықтау жүйесі
[Alternative text]
[Alternative text]
[Alternative text]
[Alternative text]

Диспетчерленліру және персоналдың жер астында ораналасқан жерін анықтау жүйесі


      «АК Алтыналмас» АҚ  Ақбақай және бескемпір кеніштерінде STRATACommTrac персоналдың жер астында орналасқан жерін анықтау, жерасты байланыс және қауіпсіздік жүйесін енгізу үстінде. Берілген жобаның мақсаты жер асты объектілеріндегі персонал мен техниканың жұмыс уақытын есепке алу бойынша міндеттерді шешу болып табылады. Сонымен бірге персоналдың орналасқан орнын бақылау және персоналдың ауысымды жұмыспен байланысы жоқ орындарға келгенде, әрі көлік жақындаған кезде, автоматты түрде ескерту есебінен жарақаттанушылықты азайтып, еңбек қауіпсіздігін арттыру. Білуімізше, аталған жүйе персоанал арасында жылдам мәтіндік, әрі жарықтық ақпаратты қамтамасыз етуі, Объектінің кенішінде көлікті үздіксіз бақылау, Объектінің кеніш аэрогаз атмосферасын үздіксіз бақылау, апатқа ұшыраған персоналды дереу табуы тиіс.

Жүйенің мүмкіндіктерін қолдану арқылы басқарушылық шешімдерді қабылдау мақсатында есептіліктің сапасы мен нақтылығын жақсартып, мәліметтерді талдау және болжалдау мүмкіндіктерін арттырып, қолданыстағы ақпаратты есепке алу және жинау жүйелерін біріктіргенде, аналитикалық есептілікті дайындаудың еңбек сыйымдылығы және мерзімін қысқартып, сонымен бірге өзекті ақпаратты пайдаланушылар ретінде жер асты учаскелерінің түрлі өндірістік және функционалды бөлімшелерін жалпы ақпараттық модельге біріктіруге болады.

Жүйенің міндеттері жер асты объектілеріндегі адамдардың қауіпсіздігі мен олардың орналасқан жерінің координаттарын анықтаумен байланысты. Жүйе персоналға апаттық хабарлау, персонал мен көліктің орналасқан жерін бақылау, персонал арасында мәтіндік ақпарат алмасу, көліктен ақпаратты беру, персонал мен көліктің арасындағы ара-қашықтықты бақылау, рұқсат етілмеген аймақтардағы песроналға хабар беру, апат туралы хабарламаны алуын бақылауды қарастырады.

Аталған Жүйе шахтаның барлық жер астындағы персоналын артынан эвакуциялау мақсатында апаттық жағдайдың болуы туралы дереу жарық көмегімен хабарлауы тиіс.  Объектінің диспетчері жүйенің бағдарламалық қамтуының батырмасын басу арқылы жүйенің құралдары көмегімен, апат туралы хабар сигналын береді. Шахтада орналасқан әрбәр жұмысшы, өзінің орналасқан жеріне тәуелсіз апат алдында, кезінде және апаттан кейін хабарды жеке қабылдайды. Жүйе басқа апаттық хабарлау жүйелерімен бірге, негізгі, әрі резервті апаттық хабарлау каналы ретінде қолданылуы мүмкін. 

Жүйе ҚР-ның «Азаматтық қорғау туралы» Заңында көрсетілген талаптарға, 2014 жылғы 30 желтоқсанда қазақстан Республикасының инвестицилар және даму Министрінің № 352 Бұйрығымен бекітілген, тау және геологиялық барлау жұмыстарымен айналысатын  қауіпті өндірістік объектілерге арналған өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету Ережелеріне сәйкес келеді.

Техникалық мамандардың сенуінше, жүйенің бағдарламалық құралдары тау қызметкерлерінің атына тіркелген, жеке радиобелгілерді қызметкерлер оқығыш құралдардың жұмыс аймағында байланыссыз оқу қызметін атқаруы тиіс. Оған қоса бұл құралдар Жүйенің серверіне тіркелген белгілер туралы мәліметті беру, байланыс каналының уақытша жұмысқа жарамсыздығы жағдайында оқығыш құралдарында тіркелегн белгілердің тізімін сақтау, қысқа мерзім ішінде қажетті шаралар мен шешімдерді қабылдау мақсатында мәліметтерді өңдеу, жүйенің нәтижелерін мұрағаттандырып көрнекілеуі титіс. 



Динамика цен на металы








Новости


Читать все