Инвестиции
в вечные ценности ...

ПОИСК   

Главная » Үздіксіз жақсарту және өндірістің тиімділігін арттыру - бүгінгі таңда компанияның бүкіл ұжымының ісі
[Alternative text]
[Alternative text]
[Alternative text]
[Alternative text]
[Alternative text]
[Alternative text]
[Alternative text]
[Alternative text]
[Alternative text]
[Alternative text]
[Alternative text]
[Alternative text]

Үздіксіз жақсарту және өндірістің тиімділігін арттыру - бүгінгі таңда компанияның бүкіл ұжымының ісі


«АК Алтыналмас» АҚ-нда осы жылдың басында басталған, өндірістік үрдістердің тиімділігі мен оптимизациясын жоғарылату жобасының шеңберінде, жобалық топ филиалдардың өндірістік ұжымдарымен бірлесе отырып, қызықты әрі пайдалы жұмысты атқарды. Қуатты теңгеру бойынша жобалық топтың негізгі міндеті шешілді, ол Негізгі оқпанның өнімділігін арттыру еді. Осы бағыт бойынша Ақбақай филиалының учаскесінде бірқатар бастамалар жүзеге асырылды:

  • Ауысымды өзгертуге және ауаны тазартуға жіберілген уақытты 60 минуттен 45 минутке дейін қысқарту, ол өз кезегінде Негізгі оқпанның пайдалы жұмыс уақытын арттырып,  жұмыс уақытын үнемдеуге мүмкіндік берді.
  • Жерасты АЖҚС-ны қолданысқа беру нәтижесінде жерасты техникаға жанармай құю уақыты және жанармай шығындары қысқарту, сонымен қатар техниканың пайдалы жұмыс уақытын және ЖПК-ны (жабдықты пайдалану коэффициенті) арттыру.  
  • Инженерлік-техникалық құрамды түсіру және көтеруді қайта ұйымдастыру нәтижесінде, ИТҚ-ды БПШ (барлау және пайдалану шахтасы) арқылы түсіру есебінен Негізгі оқпанның пайдалы жұмыс уақыты 1,30 минутке дейін артты.
  • Кенді тапсырудың көлемі 2-торды жынысқа арналған БПШ-1 шахтасына қосу және Негізгі оқпан арқылы тек қана кенді тапсыруды ұйымдастыру есебінен арттырылды.
  • Негізгі оқпанның торына толығымен жүктелген вагондарды тиеу мақсатында механикаландырылған итергіш іске қосылды. Оқпан арқылы тиеу және түсіру уақытын цикл ішінде 5 минутке дейін қысқарту есебінен, болжам бойынша өнімділік күніне 970 тоннаға дейін баруы мүмкін.    

Нәтижелеріне жету мақсатында сарапшылар технологиялық циклдің әлсіз жерлерін және шығындарын анықтауға және оларды шешуге арналған іс-шаралар мен шешімдерді жасап шығаруға мүмкіндік берген, «үнемшіл өндірістің» келесі құралдарын тәжірибеде қолданды. Олар:  қуатты теңгеру, хронометраж алу, қатар үрдістердің картасы.

Техникаға қызмет көрсетудің негізгі шығын баптарын бағалау және Парето дигараммасын қолдану техниканыжәне жабдықты жөндеу жұмыстарын талдау және оптимизациялау бағыттарын таңдауға негіз болды.  Ол өз кезегінде ақаулардың  негізгі себетерін анықтауға мүмкіндік берді.  Өндірушілердің ұсыныстарын есепке ала отырып және әрбір техника бірлігінің ақауларының статистикасын талдау арқылы Жұмыс тобы осы бағыт бойынша КТҚК (күнделікті техникалық қызмет көрсету) стандартты операциялық рәсімді жасап шығарды. Бүгінгі таңда әр жабдық және техника операторы әр ауысымда техникалық қызмет көрсетуде ыңғайлы суреттелген жадынаманы қолдана алады.  

Алға қойылған мақсаттарға сәйкес, ӨЖЖ-ды жөндеу қызметінің жұмысын жүйеге келтіру бағыттары бойынша орындалған іс-шараларЖПК және ДЖК көрсеткіштерін арттырды.

Аталған бағыт бойынша нәтижелер мен іс-шаралар төменде көрсетілген:

  • Пайдалы жұмыс істелген уақыт (мотосағаттар) айына орта есеппен келесідей артты: өздігінен түсіргіштер  35,9 % , бұрғылау станогі – 12,7 %, тиегіштер – 27,5%, осы ретте тау массасының тапсырылған көлемі2016 айына орта есеппен 17 249 м3құрады, бастапқы мерзіммен салыстырғанда – 15 993 м3, өсім – 7,8 %;
  • Барлық ӨЖЖ паркінің жөндеуде тұру уақыты қысқарды айына орта есепппен 12,1% құрады;
  • Барлық техника паркі бойынша КТҚК бойынша регламенттерді енгізу, жөндеуде тұруды және жабдық пен техниканы жүктеуді бақылау, жауапкершілікті арттыру және экплуатациялық қызмет көрсету және жөндеу сервисі үшін зоналарды бөлу.

Жобалық топ жасаған MIFAкартасы сатып алу үрдісінің кезеңдерін көрнекілеуге және сатып алу үрдістерінің ұзақтығын қысқарту бойынша шешімдері жасап шығаруға мүмкіндік берді. Қорлардың оптималды деңгейін анықтау және оны тұтыну деңгейімен сәйкестендіру, сатып алу көлемдерін санаттарға топтастыру және жеткізулердің жиілігін арттыру мен олардың көлемін азайтудың экономикалық мақсаттылығын бағалау үшін, ABC-талдау және MIN-MAX қағидалары пайдаланды.

Сатып алу үрдістерін төменнен жоғарыға қарай жүйеге келтіру бойынша түбегейлі жұмыс орындалды:

  • Нормаланатын және нормаланбайтын материалдар бойынша мәліметтерді жүйеге келтіру – ABC қағидасы бойынша санаттарға топтастыру; 
  • Өндірісте қолданылатын нормаланатын материалдарға арналған MIN-MAX техникалық тапсырмасы бар есептеу әдістемесі жасап шығарылды;
  • Жүйелі деңгейде берілген талаптарға сәйкес келешекте сатып алуларды қалыптастыру және жоспарлау үшін, техникалық сипаттамалары бар анықтамалықтың негізі қалыптастырылды;
  • Барлық техника және жабдық паркі бойынша нормативті төлқұжаттар дайындалды және бекітілді (9 кітап), әрқайсысы әр техника және әр техника мен жабдық түрі және ТЖ түрлері бойынша қосалқы бөлшектерді жеке баяндайды;
  • Техникалық қызмет көрсетуді жүйеге келтіру үшін Техникалық тапсырмалар жүзеге асырылған;
  • Жұмсалмайтын заттар бойынша мәселелер қарастырылып, қоймалардағы қорлардың талдауы жасалған;
  • АҚФ ЖЕЖ, жер бетіндегі техника мен жабдықты ЖЕЖ  бойынша жұмысы жүйеге келтірілген;
  • ТЖ және маңызды қосалқы бөлшектердің регламенттері басып шығарылып, қорлардың санаттары бойынша қоймаларда сақталған.

Жұмсалмайтын қорлар бойынша (оптимизация және олардың табиғатын зерттеу), санын азайту және оптимизация бойынша іс-шараларды іске асыру, сонымен қатар ТМҚ санаттарына түзетулерді енгізу жұмыстары жүзеге асырылған.

Құзыреттілік орталығының мүшелері де жалпы іске өзінің үлкен үлесін қосты. Жүзеге асыру туралы шешімді қабылдамас бұрын, жобаның шеңберінде жасалған әр ұсыныс болжамды экономикалық нәтижелер, сонымен қатар ресурстық және уақыт параметрлері қырынан талданып, жан жақты зерттелді.

Жалпы алғанда, компанияның басқармасы қол жеткізген нәтижелер бойынша жобаның қатысушыларын алғысын білдіріп, оларға өндірісті оптимизациялау және рационализациялау бағытында табысқа жетуді тіледі.

«Жоба бойынша қол жеткізген барлық табыс өндірістік аумақ мен бас кеңсенің бірқатар мамандарының ұжымдық жұмысының нәтижесі, сонымен қатар компания басшылығының жобаның мақсаттарына және жалпы табысқа жетудегі үнемі көрсеткен қолдауы болып табылады», - деп қорытындылады Жоба менеджері Жанар Аманжолова. 

Жобаның бақылау бөлігін іске асыру жоспарының жылдың соңына дейін орындалуы тиіс келесі маңызды міндеттері бар: нәтижелерді бекіту үшін бағыттар бойынша регламенттер мен рәсімді жасап шығару, сонымен бірге өндірістік қызметтер арасында қарым-қатынасты орнату жоспарлы жұмыстарын өткізу және KPI жүйесін сынамалы түрде енгізу.



Динамика цен на металы








Новости


Читать все