«Цифрлық автоматтандыру» бағыты бойынша CASE-IN финалистері анықталды
«Цифрлық автоматтандыру» бағыты бойынша CASE-IN финалистері анықталды
«Цифрлық автоматтандыру» бағыты бойынша CASE-IN финалистері анықталды

«Алтыналмас АК» АҚ-тың қатысуымен жүзеге асырылатын «Цифрлық автоматтандыру» бағыты бойынша CASE-IN халықаралық инженерлік чемпионатыныңстуденттік лигасының 8 іріктеу кезеңі аяқталды.


Іріктеу кезеңдеріне Қазақстан, Ресей және Өзбекстаннан 73 команда мен 230-дан астам студент қатысты. Қатысушылар «Ақбақай» тау-кен байыту кешенінде жүргізушісіз карьерлік өзітүсіргіштерді енгізумен байланысты компанияның нақты өндірістік міндеттеріне негізделген инженерлік шешімдерді әзірледі.


Сарапшылар алқасының бағалау қорытындысы бойынша чемпионат финалында өз жобаларын қорғайтын 8 үздік команда анықталды.


CASE-IN студенттік лигасының «Цифрлық автоматтандыру» бағыты бойынша финалы 20-22 мамырда Мәскеу қаласында өтеді.


«Алтыналмас АК» АҚ сарапшылары командалар ұсынған шешімдердің іс жүзінде қолданылуын, технологиялылығы мен тиімділігін бағалай отырып, финалдық кезеңдеқазылар алқасы ретінде өз жұмысын жалғастырады.


Компания чемпионат қорытындысы бойынша жеңімпаздарға тағылымдамадан өту мүмкіндігін ұсынады, сондай-ақ бейінді бағыт бойынша ең мықты командалардың біріне арнайы сыйақы тағайындайды.

Другие новости

Здравствуйте! Меня зовут Алмас. Как я могу помочь?