Алтыналмас аға буын өкілдерін Халықаралық қарттар күнімен құттықтады
Алтыналмас аға буын өкілдерін Халықаралық қарттар күнімен құттықтады
Алтыналмас аға буын өкілдерін Халықаралық қарттар күнімен құттықтады

Бір кәсіпорында ұзақ уақыт бойы жұмыс істеген адамның ұжыммен байланысы зейнетке шыққаннан кейін де үзілмейді. «Алтыналмас» командасы бұл байланысты сақтауға тырысады және дәстүрлі түрде бұрын кәсіпорында істеген жұмыскерлерді қолдап, оларды айтулы күндері құттықтап отырады.


Биыл 1167 аға буын өкілі ақшалай сыйлық алды. Құттықтау шаралары сегіз елді мекенде – Ақбақай, Ортадересін және Ақжайдақ ауылдарында, сондай-ақ Жолымбет, Ақсу, Заводской, Бестөбе кенттерінде және Степногор қаласында өтті. Сыйлық алған жандардың қатарында «Алтыналмас АК» АҚ және «Қазақалтын» ЖШС құрметті қызметкерлері бар.


Бұл дәстүр тек жыл сайын құттықтаумен шектелмейді, оның артында ондаған жылдар бойы қатар жұмыс істеген, жас мамандарға білім мен тәлім берген, компания кәсіпорындарының бүгінгі жағдайын бірге қалыптастырған адамдар туралы естелік жатыр.


«Ұзақ жылдар бойы біздің кәсіпорындарда еңбек еткен жандарға зор алғысымызды білдіреміз. Олардың еңбек жолы мен кәсіби тәжірибесі – ортақ тарихымыздың маңызды бөлігі. Бұл ретте жалпы адам баласы алдындағы жауапкершілігіміз тек бұрынғы жұмыскерлерді қолдаумен шектелмейді. Біз халықтың әлеуметтік осал топтарына, отбасыларға, балалар мен жастарға назар аудара отырып, бүгінде өзіміз қызмет ететін өңірлерде тұратын адамдарға көмектесуге тырысамыз. Бізге адамдардың нақты қажеттіліктерін түсіну және мүмкіндігінше қолдау көрсетіп отыру маңызды. Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке және жақындарыңыз әрқашан жаныңыздан табылсын деп тілеймін», – деп «Алтыналмас АК» АҚ Басқарма төрағасы Баламир Маханов құттықтады.


Зейнеткерлер мен ардагерлерді қолдау – халықтың әлеуметтік осал топтарына көмек көрсету, отбасыларды қолдау, сондай-ақ балалар мен жастарға арналған жобаларды іске асыруды қамтитын өте ауқымды әлеуметтік жұмыстың бір бөлігі. Компания бұл жұмысты өзі қызмет ететін аймақтардағы тұрғындардың нақты қажеттіліктеріне бағыттауға және көмекке аса мұқтаж адамдарды қолдауға ұмтылады.

Altynalmas News


Другие новости

Здравствуйте! Меня зовут Алмас. Как я могу помочь?